Бүгін Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы мен Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық шығармашылық орталығы» МКҚК арасында екіжақты келісімге қол қойылды.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі елдің тірегі. Жас ұрпаққа сапалы білім беріп, олардың қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту – ортақ міндет.
Осы мақсатта екі білім беру ұйымы арасында оқушылардың өзара ынтымақтастығын дамытуға бағытталған екіжақты келісім.
Келісім аясында оқушылар арасында білім, ғылым, өнер, спорт және шығармашылық бағыттарда бірлескен жобалар мен іс-шаралар ұйымдастыру, тәжірибе алмасу, зияткерлік байқаулар мен кездесулер өткізу көзделеді.
Сонымен қатар оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, командалық жұмыс дағдыларын дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, достық пен өзара құрметті нығайтуға ерекше мән беріледі.
Бұл келісім – екі білім ордасының ғана емес, болашаққа ұмтылған жас ұрпақтың басын біріктіретін маңызды қадам.
Біліммен қаруланған, елін сүйген, адалдықты ту еткен ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!
#Ынтымақтастық #СапалыБілім #АдалАзамат #ҰлттықҚұндылық





