Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

 МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

 МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

2026 жылғы 5 қараша күні Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында 5–8 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-ана мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту, оқушылардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты маңызды мәселелерді бірлесе талқылау.

Кездесу барысында оқушылардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздігі, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі және жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар, ата-аналарға бала тәрбиесінде мектеппен тығыз байланыста жұмыс істеудің маңыздылығы түсіндіріліп, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.

🤝 Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік.
Мектеп пен ата-ана арасындағы берік ынтымақтастық – саналы, білімді әрі жауапты ұрпақ тәрбиесінің негізі.

#АтаАнаЖиналысы
#БалаТәрбиесі
#МектепАтаАнаБірлігі
#№68МектепГимназия