Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

15 ҚАРАША – ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ!

https://www.instagram.com/p/DfwhDcjtDr2/?hl=ru

15 қараша – еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің маңызды нышаны саналатын төл теңгеміздің дүниеге келген күні.

1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді. Теңге – егемендігіміздің, елдігіміздің және тәуелсіздігіміздің айқын белгісі.

Осы атаулы күнге орай оқушыларға ұлттық валютамыздың тарихын таныту, қаржылық сауаттылықты арттыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру маңызды.

Төл теңгеміз тұғырлы, экономикамыз тұрақты, еліміздің еңсесі биік болсын! 🇰🇿