ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ!
Бүгін Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында педагогтерге арналған «Қаржылық сауаттылық: интернет алаяқтықтан қорғану жолдары» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті.
Кездесуге арнайы шақырылған заңгер Нұрсұлтан Орынбек интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері, қаржылық қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау және «Қарызсыз қоғам» жобасының мүмкіндіктері туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.
Кездесу барысында ұстаздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, заңгерден нақты жауаптар мен пайдалы кеңестер алды.
✅ Қаржылық сауаттылық – алаяқтықтың алдын алудың маңызды қадамы!
#ҚаржылықСауаттылық #ИнтернетАлаяқтық #ҚарызсызҚоғам #НұрсұлтанОрынбек #68МектепГимназия ҚауіпсізҚоғам





