Мектебімізде оқушылардың мектеп формасын сақтауын бақылау мақсатында «Мектеп формасы» рейді ұйымдастырылды.
Рейдті мектеп Парламентінің оқушылары жүргізді. Іс-шара барысында білім алушылардың мектептің ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес киінуі, бірыңғай мектеп формасын сақтауы назарға алынды.
Рейдтің негізгі мақсаты – оқушылар арасында мектеп формасына деген жауапкершілікті қалыптастыру, тәртіп пен талапты сақтау мәдениетін арттыру.
Мектеп тәртібі – әр оқушының жауапкершілігі!





