Астана қаласы әкімдігінің «Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК 2026 жылғы 14-24 тамыз аралығында бос лауазымдарға педагогтерді жұмысқа орналастыруға конкурс жариялайды:
- Информатика пәні мұғалімі, 1 бірлік, (негізгі пән мұғалімінің жүктілікке, бала күтімі демалысына шығуына байланысты уақытша қабылданады);
- Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 1 бірлік;
- Дефектолог, 1 бірлік.
🌐 Құжаттар hr.nobd.edu.kz педагогтерді жұмысқа қабылдау сайты арқылы қабылданады.
📌 Конкурс нәтижелері мектебіміздің ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.
Білікті де білімді мамандарды командамызға шақырамыз!
#БосЖұмысОрны #Конкурс #Мұғалім #Педагог #Астана





