Сенің таңдауың — сенің болашағың!
Академиялық адалдық – әрбір оқушының басты қағидасы. Біз не үшін оқимыз? Жалған баға үшін бе, әлде болашағымыз үшін қажет терең білім мен дағды алу үшін бе?
_ Басты қағидаттар:
- Шыншылдық: Тапсырманы тек өз күшіңмен орындау.
- Жауапкершілік: Өз нәтижеңе жауапты болу.
-Құрмет: Өзгелердің адал еңбегін бағалау.
❌ Көшіріп алу не береді?
Көшірме мен жасанды жолмен алған баға уақытша ғана қуантады, ал адал еңбекпен келген білім – өмірлік бәсекеге қабілеттіліктің негізі! Академиялық адалдық – әр оқушының саналы таңдауы мен өз ісіне деген жауапкершілігінің көрінісі. Адал еңбек қана сапалы білім мен шынайы нәтижеге жеткізеді.





