https://www.instagram.com/p/DdS7Ch0jXNx/?hl=ru&img_index=10
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында “ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – Құқықтық сауаттылық” тақырыбында мекбіміздің 10-11 сынып оқушыларының (109 оқушы)құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында құқық қорғау және бала құқығын қорғау саласының мамандарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, буллинг, интернеттегі қауіптер, психологиялық қысым және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша маңызды ақпараттар берілді.
Түсіндіру жұмыстарын жүргізген Астана қаласы САПБ ҚҚБ УПИ полиция капитаны Тургенева С.У және Астана қаласы Бала құқықтарын қорғау басқармасынан Дангилов Әлібек Хабидоллаевич келді.
Кездесу аясында «Тоғыз тағдыр: өмірді айқындайтын таңдау» әлеуметтік сериалының бір бөлімі көрсетілді.
Сериал жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, буллинг, интернеттегі қауіптер, психологиялық қысым және басқа да өзекті мәселелерді қозғайды. Көрсетілімнен кейін оқушылар сериалдағы көтерілген мәселені талқылап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Осындай кездесулер мен тәрбиелік жұмыстар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға және заңды құрметтейтін, саналы әрі адал азамат тәрбиелеуге бағытталған.
#oqu_agartu_ministrligi
@bilimastana @astana_adistemelik_ortalyq
#адалазамат #заң #тәртіп





