Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

Мектеп формасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына, 2025 жылғы 19 мамырдағы енгізілген өзгерістер мен қосымшаға сәйкес)
Мектеп формасының түсі – қою көк.
Форманың үлгісі классикалық стильде сақталады. Мектепте оқушылар үшін бірыңғай қою көк түсті мектеп формасына көшу енгізілді
📌Ұл балаларға арналған мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар, ақ түсті салтанатты көйлек, күнделікті ақ көйлек, (суық мезгілде: тоқыма жилет, ақ водолазка). Ұл балалардың шалбары кең пішілген және ұзындығы бойынша аяқтың сирақтарын жауып тұрады.Ұсынылатын ең аз жинақ: көйлек, жилет және шалбар.
📌Қыз балаларға арналған мектеп формасы:
пиджак, жилет, белдемше, шалбар,классикалық ақ блузка, сарафан (суық мезгілде: тоқыма жилет, ақ водолазка). Қыз балалардың шалбары кең пішілген және ұзындығы бойынша аяқтың сирақтарын жауып тұрады.
Белдемшенің ұзындығы – кеңсе үлгісінде, тізеден 5 см жоғары болмауы керек.
📌Ата-аналар мектеп формасының ұсынылған үлгісі бойынша кез келген сауда орнынан мектеп формасын сатып алуды өздері таңдайды.
🛑Ескерту: Әртүрлі дін өкілдерінің діни киім элементтерін мектеп формасына қосуға жол берілмейді.

https://www.instagram.com/p/Db9-VCpDdiv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@jenis_qasymbek
@k.sengazyyev_official
@bilimastana