🌷 «Қарттарым – асыл қазынам!» 🌷
1 қазан – Қарттар күніне орай Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында ерекше мерекелік көңіл-күйге толы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. 💐
Мектеп парламентінің оқушылары ардагерлеріміз бен қазыналы қарттарымызға арнап ән айтып, би билеп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. 🎶✨
Кеш барысында үлкенге деген құрмет, ізет пен алғыс сезімі ерекше көрініс тапты. Өнер арқылы өз ризашылықтарын білдірген оқушыларымыз көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. ❤️
Қариясы бар үйдің – қазынасы бар.
Барша ақ жаулықты әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз! 🌿
#ҚарттарКүні #ҚарттарымАсылҚазынам #МектепПарламенті #№68МектепГимназиясы #ҮлкенгеҚұрмет





