*Дублер күні – ұстаз еңбегін сезінген ерекше күн!*
Бүгін түлектеріміз Дублер күні аясында ұстаз рөлін атқарып, білім берудің сырт көзге көрінбейтін жауапкершілігі мен үлкен еңбегін сезінді.
Күн соңында түлектерімізден атқарған жұмыстары бойынша кері байланыс алынды. Олардың пікірлерінен ұстаз болудың оңай еместігін, әр сабақтың артында үлкен дайындық, шыдамдылық, жауапкершілік пен жүрек жылуы жатқанын түсінгендерін айтты.
«Ұстаз болу – білім беру ғана емес, әр баланың жүрегіне жол табу екен» деген ой түлектеріміздің бүгінгі тәжірибесінен көрініс тапты.
Осы күнді мазмұнды әрі әсерлі өткізуге атсалысқан барлық ұстаздарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Ал түлектерімізге – ұстаз еңбегін бағалап, жауапкершілікті сезінгендері үшін рақмет!
Ұстаз еңбегін сезіну – еңбекті бағалаудан басталады.
Бүгінгі дублер – ертеңгі жауапты тұлға! 🌿





