Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

AMILY MUSIC FEST — отбасы өнері мен бірлігінің жарқын көрінісі!

AMILY MUSIC FEST — отбасы өнері мен бірлігінің жарқын көрінісі! 💐

Отбасы күніне орай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру, отбасының тәрбиелік әлеуетін арттыру, ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Family Music Fest байқауы ұйымдастырылды.
🎤 Байқауға 50 мектеп қатысып, өнерлерін ортаға салды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, мектебіміздің атынан қатысқан Абдрахиева Фариза Есенғазықызы және қызы Маратова Назым Дәуренқызы өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды! 🥈👏

Бұл — ана мен қыздың шығармашылық үйлесімі мен өзара түсіністігінің, отбасындағы өнер мен тәрбиенің сабақтастығының жарқын үлгісі.
🏆 Жеңімпаздарды мектеп басшысы арнайы құттықтап, ізгі тілегін білдіріп, сыйлықтарын табыстады.
Жеңістеріңіз құтты болсын! 🌷
Отбасы берекесі — ел берекесі! Өнерлі отбасы — өнегелі ұрпақтың негізі! ❤️

#ОтбасыКүні #FamilyMusicFest #АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #ОтбасыҚұндылығы Мектеп68 ӨнерліОтбасы Жеңіс