Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

2026–2027 оқу жылына орай «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Жалпыға міндетті білім беру» (Всеобуч) қоры есебінен материалдық көмек алуға құжаттарды қабылдау басталды.

https://www.instagram.com/p/Db9_kiGjUE-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

2026–2027 оқу жылына орай «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Жалпыға міндетті білім беру» (Всеобуч) қоры есебінен материалдық көмек алуға құжаттарды қабылдау басталды.

💰 Материалдық көмек мөлшері – 50 851 теңге.

Материалдық көмек төмендегі санаттағы білім алушыларға көрсетіледі:

🔹 атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардың балалары;
🔹 жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары;
🔹 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
🔹 төтенше жағдай салдарынан көмекке мұқтаж отбасылардың балалары;
🔹 өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың балалары (Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).

📄 Құжаттар ҚР заңнамасына сәйкес қабылданып, Қамқоршылық кеңесінің қарауына ұсынылады.

📌 Қажетті құжаттар тізімін сынып жетекшісінен немесе мектеп әкімшілігінен ала аласыздар.

🤝 Балаларымыздың жаңа оқу жылын толық дайындықпен қарсы алуына бірге қолдау көрсетейік!

Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы

#МектепкеЖол2026
#ЖалпығаМіндеттіБілімБеру
#Всеобуч
#68МектепГимназиясы