Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс
«ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ» АЙЫ

«ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ» АЙЫ

«ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ» АЙЫ

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ақпан «Жасампаздық пен жаңашылдық» құндылығы айы. Бұл айдың мақсаты - шығармашылық ойлау, тың идеяларды жүзеге асыру және қоғамға игі өзгерістер енгізу, креативті бастамаларға жол ашу.
«Жасампаздық және жаңашылдық» айы білім алушылардың бойында келесі тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған:
- креативтілік, ой-қиялының дамуы, ізденімпаздық;
- бастамашылдық, жауапкершілік, қайсарлық;
- жаңашылдыққа ашықтық, сыни тұрғыдан ойлау, аналитикалық ойлау кабілеті;
- цифрлық сауаттылық, бейімділік, білімге құштарлық;
- әлеуметтік жауапкершілік;
- көрегенділік;
- әдептілік.