Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

 «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

https://www.instagram.com/reel/DWquesijVOj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті 🌿

Бүгін мектебімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ұстаздарымыз бірлесе отырып, мектеп ауласын тазалап, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты.

Аула қоқыстан тазартылып, ағаштардың түбі ретке келтіріліп, айналаға ерекше тазалық пен тәртіп орнады. Бұл — тек еңбек қана емес, табиғатқа деген қамқорлықтың айқын көрінісі. 🌱

Осындай игі бастамалар арқылы біз өскелең ұрпаққа тазалықты сақтау, табиғатты аялау мәдениетін үлгі етеміз.

✨ Тазалық – тәрбие бастауы!
✨ Бірге таза, бірге көркем Қазақстан! 🇰🇿