Астана қаласындағы 117 жылдық тарихы бар жыр алыбы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ұстаздардың басын қосқан дүбірлі дода өтті. Атап айтар болсақ спортты жанына серік еткен ұстаздардың бір тобы асық атып, тоғызқұмалақ ойнаса, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп жүрген әскери жетекшілер мергендіктерін паш етті.
Мектебімізден алғашқы әскери дайындық және технологиялық дайындық жетекшілері арасында "Пневматикалық винтовкадан ату мен автоматты жартылай бөлшектеп жинаудан республикалық турнирге мектебімізден Нұртазин Архат Жумагазинович қатысып ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН" марапатталды. Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз.