Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

Өмірге иа деп айт

Астана қаласы Білім басқармасы және Астана әкімдігінің "Психологиялық қолдау орталығы " КММ дәстүрлі түрде жыл сайын
”Өмірге иа деп айт!”қалалық акциясын білім беру мекемелері арасында ұйымдастырып келеді.Акция аясында “Күш өзімізде!”бейнероликтер байқауы жарияланды.Байқау белсенді өмірлік ұстанымды насихаттау,позитивті дүниетанымды қалыптастыру және педагогикалық,ата-аналар қауымдастығының денсаулықты сақтау,әлеуметтік жауапкершілік және тұлғалық даму мәселелеріне аудару мақсатында өткізілді.Осыған орай Астана қаласы “Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының” психологі Р.Сайлаубаева мен әлеуметтік педагог Ж.Оразалы,
ДТЖЖО және педагог-психолог Ж.Рустемова, 6”А” сынып оқушыларымен бірге қиындықтарға тап болған және олармен күресуге күш тапқан бала туралы бейнеролик түсірді.Байқау ережесіне сай 1-минут шамасында көптеген өзекті назар аударарлық әрекеттерді көрсете отырып,мәселенің шешу жолдарын көрсетті.Әділқазылардың шешімімен бейнеролик “Бас жүлде“иеленді.
Бейнероликтің бас кейіпкері болып Ерғали Нұраділ кез-келген адам осындай жағдайға түсуі мүмкін екендігін және оны қалай шешуге болатынын,әр бала мемлекет қорғауында болатындығын,көмек сұрау ол батылдық екендігін жеткізе білді.