2025 жылғы 25 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес сынып жетекшілерге кәсіби қолдау көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында сынып жетекшілеріне арналған әдістемелік сағат өтті.
❇️ Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Шарипова Динара Госмановна, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 03.08.2022 жылғы №348 бұйрығының орындалуы, мектепте өмір қауіпсіздігінің негіздері, жолда жүру ережелерінің жүргізілуі бойынша сынып жетекшілеріне әдістемелік нұсқау берді.
❇️ Вебинарда Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Қонарбекова Айжамал Қойшыбекқызы «Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы» тақырыбында, тарих пәнінің мұғалімі Тлеубекова Толкын Тлеубековна «Ата-ана мен сынып жетекшінің бала тәрбиесіне қосатын үлесі» тақырыбында ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
❇️ Қатысушылар мектеп пен отбасының бірлескен іс-шаралары ата-ана мен мұғалімнің арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуына, тиімді ынтымақтастықтың балалардың эмоционалды жағдайын жақсартуға, олардың білім сапасын арттыруға және жан-жақты дамуына ықпал ететін әдіс-тәсілдермен танысты.
❇️ Іс-шаралар сынып жетекшілерінің кәсіби деңгейін арттыруда және ата-анамен жұмыс ұйымдастыруда маңызды болып табылады.