Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

Мектеп мұғалімдері мен ата-аналары «Бала болмысына үңілу» атты кездесуге қатысты.

https://www.instagram.com/reel/DXbD9anE4EE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Мектеп мұғалімдері мен ата-аналары «Бала болмысына үңілу» атты кездесуге қатысты.
Кеш қонағы: «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының негізін қалаушы, логотерапевт, қаламгер Санжар Керімбай мырза.

Кездесу барысында көптеген келелі мәселелер жөнінде дәріс оқылып, кітап оқу мәдениеті, отбасы бақыты туралы құнды дүниелер сөз болды.
Әсіресе, гаджетпен тәрбиеленіп жатқан ұрпақты қалай кітап оқитын балаға айналдыра аламыз деген сұраққа әр ата-ана жауап алып кетті деп ойлаймыз.

Санжар Керімбайұлы – «Әлдиден эпосқа дейін», «Қуыскеуде, «Бейсен және Болмыс» «Өзбекәлі және мәдени майдан», «Қаныш және ғылыми майдан», «Жұмабек және жер майдан» «Бейсенбай және әдеби майдан» т.б. көптеген кітаптардың авторы.

Арнайы алтын уақытын бөліп келген қадірлі қонағымызға алғыс білдіреміз!