Мектебімізде педагогтарға арналған «USTAZ BAQYTY» жобасының «Білім беру үдерісіндегі тиімді коммуникация әдістері» тақырыбында бес күндік біліктілік арттыру курсы өтті.
Курстың басты мақсаты:
Білім беру ортасында сенімділікке, өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа негізделген кәсіби атмосфераны қалыптастыру мақсатында педагогтердің коммуникативтік дағдыларын жетілдіру.
Курста басымдық берілген негізгі коммуникациялық құралдар:
Кәсіби миссияңыз бен құндылықтарыңызды тереңірек ұғыну;
Стресс жағдайында ішкі тепе-теңдік пен тұрақтылық табу;
Әріптестермен, оқушылармен және атааналармен тиімді әрі сенімді қарым-қатынас орнату;
Оқушыларды, әріптестер мен ата-аналарды ынтымақтастық пен дамуға шабыттандыру үшін сендіру және мотивация өнерін меңгеру;
Ұжымда қолдау, позитив пен шабытқа толы орта қалыптастыру;
Кәсіби қызметте де, жеке өмірде де тепетеңдік пен табысқа қол жеткізу.
Курс тренерлері:
ГҮЛНАР НИҒМЕТҚЫЗЫ ЗАЙСАНБАЕВА
Филология ғылымдарының кандидаты, Білім беру бағдарламаларының авторы, Халықаралық сертификатталған тренер, Professionsal coach ICU, Certified Trainer of Coaching, Business Trainer, НЛП – практик
НИКОЛАЙ МАЕВСКИЙ Психолог, EMDR-терапевт, Еуразиялық EMDR қауымдастығының ұйымдастырушысы, шахмат шебері және тренері
Мұғалімдерімізге жоғары деңгейде курс өткізген тренерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Жақсы жоба жалғасын таба берсін.
Жаңалықтар





