2025 жылғы 24 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік көмек көрсету мақсатында мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған вебинар өтті. Вебинарға жетпістен аса директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Д. Г. Шарипова «Білім беру ұйымдарында оқушыларды мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» бойынша баяндады.
«Құқықбұзушылықтың алдын алу және жеке жұмыс түрлері» тақырыбында Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Рустемова Жанар Тлеубергеновна өз тәжірибесімен бөлісті.
Вебинар тәрбие орынбасарларына тәжірибе алмасу және білім беру ұйымдарындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмысты жетілдіру бойынша жаңа идеялар алуға мүмкіндік берді.