Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс
3 “Д” сыныбында ерекше жылылық пен ұлттық рухқа толы Наурыз мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті

3 “Д” сыныбында ерекше жылылық пен ұлттық рухқа толы Наурыз мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті

Бүгін сыныбымызда яғыни 3 “Д” сыныбында ерекше жылылық пен ұлттық рухқа толы Наурыз мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті
Ата-аналар мен оқушылар бірлесе отырып, қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеген тамаша кеш ұйымдастырылды. Соның ішінде көпшіліктің көңілінен шыққан көрініс – “қырқынан шығару” салт-дәстүрінің сахналануы болды. Оқушылар бұл дәстүрдің мән-мағынасын түсініп, үлкендерден өнеге алды.
Іс-шара барысында ұлттық құндылықтарымыз насихатталып, ата-ана мен бала арасындағы байланыс нығая түсті. Әрбір қатысушының белсенділігі мен ықыласы мерекенің ажарын аша түсті.
Осындай тәрбиелік мәні зор шараға атсалысқан ата-аналарымызға алғысым шексіз!
Ұлттық дәстүріміз ұлықталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!
Наурыз құтты болсын!