Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

1 маусым - балаларды қорғау күнінде мектебімізде «КҮН ШУАҚ» сауықтыру лагерінің ресми ашылуы өтті. Әр түрлі салада оқушылардың қызығушылығын оятатын жазғы лагердің негізгі мақсаты - оқушылардың бос уақытын пайдалы әрі қызықты өткізу.

Мектебімізде барлығы тоғыз лагерь өз жұмысын бастады. Атап айтар борлсақ, «Күн шуақ», «Атамекен», «Саяхат & спорт» , «GREEN CITY», «Яркие каникулы» «SPEAK UP», «Математика – ойдың шексіз әлемі», «Шабытты жаз», «ART & TOLAGAI CAMP» лагерлері.

Бүгінгі іс-шарамызға Аманат партиясы Сарыарқа аудандық филиалы консультаны Тұрбекова Сара Қабыкенқызы арнайы қатысып, жыл бойы үздік өнер көрсеткен "Толағай" батырларының он оқушысына мерекелік сыйлық ретінде 10мың теңгелік сертификаттар табыс етті.

Барша шәкірттеріміздің жазғы уақыттары көңілді де пайдалы өтулеріне тілектеспіз.

Барлық мектеп оқушыларын бүгінгі мерекелерімен шын жүректен құұттықтаймыз! Білімінің биік шыңына көріне беріңіздер!

https://www.instagram.com/p/DZClryljXAd/?igsh=ZnQyaGQ4cDFsMGNq
@oqu_agartu_ministrligi
@bilimastana
@amanat_saryarqa.audany
#Бақытты_балалық_үшін
#68мектеп
#астана