2025 жылғы сәуір айының 23 жұлдызында мектебімізде «Жас маман – білім мен рухтың алтын көпірі»атты жас ұстаздар апталығы салтанатты түрде ашылды.
Апталықтың мақсаты – педагогикалық қызметке жаңадан келген жас мамандарды қолдау, кәсіби дамуына бағыт беру және тәжірибе алмасуға жағдай жасау.
Ашылу рәсімінде мектеп басшылығы мен тәлімгер ұстаздар жас мамандарға ақ жол тілеп, алдағы іс-шараларға сәттілік тіледі. Жас ұстаздар өздерін таныстырып, алғашқы әсерлерімен, педагогикаға деген сүйіспеншіліктерімен бөлісті.
Апталық аясында ашық сабақтар, әдістемелік шеберлік сағаттары, тренингтер мен шығармашылық кештер жоспарланған. Бұл шаралар жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап, ұстаздыққа деген сенімін нығайта түседі.