«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ «АПТА ДӘЙЕКСӨЗДЕРІ»
Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Апта дәйексөздері» жүйелі түрде таныстырылып, білім алушылар арасында кеңінен насихатталуда.
Апта сайын ұсынылатын тағылымды дәйексөздер оқушыларды адалдыққа, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке және адамгершілік құндылықтарға баули отырып, олардың ой-өрісін кеңейтуге бағытталған.
💬 Әрбір дәйексөз – жас ұрпаққа ой салып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге жетелейтін тәрбиелік мәні зор өнеге.
Жақсы сөз – жүрекке жол табады, тағылымды ой – тұлға қалыптастырады!
#АдалАзамат
#БіртұтасТәрбие
#АптаДәйексөздері
#Мектеп68
#ТәрбиеҚұндылықтары





