«Болашаққа нық қадам»
Мектебімізде «Болашаққа нық қадам: мектеп – ата-ана – оқушы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиынның басты мақсаты – мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы өзара байланысты нығайтып, бала тәрбиесі мен сапалы білім беру жолындағы бірлескен жұмысты жетілдіру.
Жиналыс барысында оқушылардың оқу үлгерімі, тәртібі, қауіпсіздігі, мектептегі белсенділігі және алдағы мақсаттары туралы маңызды мәселелер қозғалды. Сонымен қатар ата-аналарға бала тәрбиесінде қолдау көрсетудің, ұстазбен тығыз байланыста болудың маңызы түсіндірілді.
🤝 Мектеп пен ата-ана – бір мақсат, бір бағыт, бір болашақ!
Балаға берілген дұрыс бағыт пен қолдау – оның жарқын болашағына бастар нық қадам.
#БолашаққаНықҚадам
#МектепАтаАнаОқушы
#БіртұтасТәрбие
#АдалАзамат





