Мектебімізде «Мектепке қауіпсіз жол / Безопасная дорога в школу» республикалық отбасылық челленджі аясында оқушыларға қауіпсіз жүріп-тұру ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушыларға үйден мектепке дейін және мектептен үйге қайту бағытындағы қауіпсіз маршрутты сақтау, жол бойындағы ықтимал қауіпті учаскелерге назар аудару, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Балалардың жолдағы қауіпсіздігі – басты назарда! 🚦
Қауіпсіз жолды таңдайық, жол ережесін сақтайық!





