Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

МЕКТЕП МӘДЕНИЕТІ – ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ!

МЕКТЕП МӘДЕНИЕТІ – ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ!

Мектеп – тек білім алатын орын ғана емес, әр оқушының тұлға болып қалыптасатын, жақсы әдет пен ізгі қасиетке тәрбиеленетін ортасы.

Мектеп мәдениеті – үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, ұстазды құрметтеу, достықты бағалау, тазалықты сақтау, мектеп мүлкіне ұқыпты қарау және өз ісіңе жауапкершілікпен қараудан басталады.

Әрбір жылы сөз, әрбір әдепті әрекет, әрбір жауапты қадам – мектептегі жағымды ортаның қалыптасуына қосылған үлес.
«Мектеп қандай болады?» деген сұрақтың жауабы – біздің күнделікті ісімізден көрінеді.
Сондықтан мектеп мәдениетін қалыптастыруды өзгеден емес, өзімізден бастайық!

🤝 Бір-бірімізді құрметтейік!
💚 Мектебімізді таза ұстайық!
📚 Білімге ұмтылайық!
✨ Жақсылықты бірге көбейтейік!

Мектеп мәдениеті – ортақ құндылық, ортақ жауапкершілік!
#МектепМәдениеті
#ӨзіңненБасталады
#БіртұтасТәрбие
#АдалАзамат
#БілімдіҰрпақ