Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

«Жас директор»

2025 жылдың 21 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК-нің ұйымдастыруымен үздіксіз даму кеңістігінде көшбасшылықты дамыту және заманауи білім, дағдылар мен қасиеттерді, ізденіс пен инновацияға негізделген басқару мәдениетін қалыптастыру мақсатында Астана қаласы мектеп басшыларына атап айтқанда, «Жас директор» клуб мүшелеріне арналған Үздіксіз даму кеңістігі: ізденіс пен тәжірибе» тақырыбында қалалық практикалық семинары Астана қаласы әкімдігінің «Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК базасында өтті.Семинарға 56 мектеп басшылары қатысты. Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Досмухамет Анар Досмухаметовна семинардың ашылуына арналған сөзінде басқару мен сапа арасындағы байланыс туралы атай отыра, семинардың мақсат, міндеттерін нақталды.
Семинарда басқарудағы үздік тәжірибелермен алмасу негізінде «Басқару және көшбасшылық», «Мектеп мәдениеті мен білім сапасы: педагогтің кәсіби өсуі мен құндылыққа бағытталған орта», «Инновация, цифрландыру және тілдік орта», «Тиімді авторлық әдістер мен әдістемелер және қауіпсіздік мәдениеті» тақырыбында дискуссиялық алаңда заманауи білім берудегі өзекті де маңызды мәселелер талқыланды. Тәжірибе алаңдарында, өзекті мәселелер талқыланды және басшылар өзара пікір алмасты.
«Үздіксіз даму кеңістігі: ізденіс пен тәжірибе» тақырыбындағы қалалық семинар – білім беру саласындағы жас басшылардың дамуына зор үлес қосқан мазмұнды алаң болды. Ізденіс пен тәжірибеге негізделген бұл кездесулер жас мамандар үшін шабыт, қолдау және кәсіби өсу бағытын айқындап берді.