2025 жылғы 17 қазан күні Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы
«Тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру: жас орынбасарларға арналған практикум» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – тәрбие жұмысы жөніндегі жас және тәжірибелі директор орынбасарлары арасында тәлімгерлік қатынас орнатып, үздік тәжірибелерді жүйелеу және тарату болды.
Іс-шараға Астана қаласындағы жалпы білім беру ұйымдарының 1–3 жылдық тәжірибесі бар директорлың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинар бағдарламасы бойынша:
• Шарипова Динара Госмановна, Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ Тәрбие жұмысы бойынша координация және ұйымдастыру бөлімінің басшысы «Мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлау және үйлестіру: практикум жас орынбасарларға» тақырыбында баяндама жасады.
• Джунусова Дамира Ернаровна, Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ Тәрбие жұмысы бойынша координация және ұйымдастыру бөлімінің әдіскері «MentorTime – болашақ көшбасшылар клубы» жобасының ашылуын өткізді.
• Муратбекова Альмира Кенесовна, №106 орта мектебінің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,
Смаилова Сауле Жумагазыевна, №106 орта мектебінің педагог-психологы «Жүректен жүрекке: тәрбиеде сенім мен қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында практикум-тренинг ұйымдастырды.
• Рустемова Жанар Тлеубергеновна, №68 мектеп-гимназияның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары «Құқықбұзушылықтың алдын алу және жеке жұмыс түрлері» тақырыбында тәжірибесін ұсынды.
• Усербаева Қуанышкүл Абуталипқызы, №93 мектеп-лицейдің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары «Leader Inside: өзіңдегі көшбасшыны оят!» атты тренинг өткізді.
• Демеуова Лаура Жумабековна, №103 мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары «Тәрбие жұмысының жүрегі – команда рухы» тақырыбында тәжірибелік сабақ жүргізді.
• Найманбаева Жұлдыз Балтабаевна, №40 мектеп-лицейдің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары «Тәрбие жұмысы: бүгінгі талап, ертеңгі нәтиже» атты тақырыпта баяндама жасады.
Семинар соңында кері байланыс жүргізіліп, қатысушылар тәжірибе алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.
Іс-шара жас орынбасарлардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеруге бағытталды.





