Өнер бірлестігінің апталығы аясында мектебімізде тағылымы терең, мәні зор кездесу өтті. Ардагер ұстаздарымыз мектебімізге арнайы келіп, жас мамандармен және оқушылармен еркін форматта жүздесті.
⠀
Кездесудің басты тақырыбы — “Адал азамат” ұғымы төңірегінде өрбіді. Ардагер ұстаздар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен, ұстаздық жолдағы адал еңбектерімен бөлісті. Олар жастарға шынайылықтың, әділдіктің, адалдықтың қоғамдағы маңызы жайлы айтып, болашақ ұрпақты адамгершілік құндылықтарды қадірлеуге үндеді.
⠀
Жас мамандар мен оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, құнды кеңестер алды. Бұл кездесу — ұрпақтар сабақтастығының, рухани тәрбиенің жарқын үлгісі болды.
⠀
Адалдық — адамның ең асыл қасиеті. Осындай тағылымды кездесулер арқылы өскелең ұрпақ жүрегіне ізгілік ұялап, елге адал қызмет етуге деген сенімі нығаяды.