Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс
https://www.instagram.com/reel/DPrHXeJjDRw/?igsh=MWp4aHZkYXl5cTc0Yw%3D%3D

Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай «Ұлтты оятқан ұлы тұлға» атты танымдық кездесу

11 қазан күні мектебімізде Алаш қайраткері, жазушы, ағартушы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай «Ұлтты оятқан ұлы тұлға» атты танымдық кездесу өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру, ұлттық сана-сезімді ояту, отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу, ұлы тұлғалардың еңбегіне құрмет көрсету болды.
Кездесуге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікзат Дүйсенғазин, сондай-ақ Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, ақын-жазушы Алтынай Ртарқызы арнайы шақырылды.
Шара барысында қонақтар оқушыларға Міржақып Дулатұлының мұрасы, оның қазақ әдебиеті мен ұлттық рухты қалыптастырудағы рөлі туралы құнды ақпараттар беріп, шығармашылық бағыттағы сұрақтарға жауап берді.

https://www.instagram.com/reels/DPrHXeJjDRw/