Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс
Featured

«Үйірмеден үйренерім көп» үстел теннисі үйірмесі

«Үйірмеден үйренерім көп» үстел теннисі үйірмесі

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүргізілетін үстел теннисі үйірмесі оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған. Үйірме сабақтары барысында оқушылар ойын техникасын меңгеріп қана қоймай, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, ережені сақтауға және әділ ойнауға дағдыланады. Жаттығу кезінде сабырлылық, тәртіп пен өзара құрмет қалыптасады. Үстел теннисі үйірмесі арқылы оқушылар салауатты өмір салтын ұстанатын, қоғамға пайдалы, адал азамат болып тәрбиеленеді.