Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс
Featured

«Үйірмеден үйренерім көп» ұлдар арасындағы волейбол үйірмесі

«Үйірмеден үйренерім көп» ұлдар арасындағы волейбол үйірмесі

Волейбол үйірмесі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізуіне, салауатты өмір салтын қалыптастыруына және саналы да жауапты тұлға тәрбиелеуге бағытталған. Үйірме барысында оқушылар волейбол ойнаудың негізгі тәсілдерін меңгеріп қана қоймай, әділдікке, тәртіпке, жауапкершілікке және адалдыққа тәрбиеленеді. Командалық ойын арқылы бір-біріне деген сыйластық, сенім мен өзара қолдау қалыптасып, адал азаматқа тән қасиеттер дамиды. Жүйелі жаттығулар оқушылардың спортқа қызығушылығын арттырып, елін сүйетін, қоғамға пайдалы, адал азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.