Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына «ДИРЕКТОР және МҰҒАЛІМ: БІР МАҚСАТ» атты ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС өтті. Жарысқа Көкшетау қаласы «№8 орта мектеп», Қосшы қаласы «ІТ мектеп-лицейі», Көкшетау қаласы «Техникалық мектеп-лицейі», Астана қаласы «Ж.Ташенова атындағы №10 мектеп-гимназия», Астана қаласы «№43 мектеп-гимназия», Астана қаласы «№63 мектеп-гимназия», Астана қаласы «Қ.Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназия», Астана қаласы «№43 мектеп-гимназия», Астана қаласы «Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия» командалары қатысты. Жарыстың мақсаты: Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай ақынның рухын дәріптеуді, директорлар мен мектеп мұғалімдері арасында қалыптастыру мақсатында өткізілді. Астана қаласының өңірінде командалық спорт түрлерін дамытуға салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаларын насихаттау, жастарды спорт түрлерімен шұғылдануға тарту, спортшылардың достығын байланыстыруға үздік спортшыларды анықтау міндеттелді. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті.
Жарыс соңында Астана қаласы «Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия» командасы 1-орын, Астана қаласы «№63 мектеп-гимназия» командасы 2-орын, Астана қаласы «Ж.Ташенова атындағы №10 мектеп-гимназия» командасы 3-орын алды. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!