Алаш жолы мұражайының, қазан айында жасаған жұмыстары.
2025 жылғы 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай мектебімізде, Дала данышпаны, Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерей тойына арналған айтыс сайысы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың тіл мәдениетін, суырып салмалық қабілеттерін арттыру және отан сүйгіш рухта тәрбиелеу болды.
Айтысқа мектептің 5ші, 6шы, сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін көпшілік алдында көрсетті. Әр жұп өз тақырыптарын тәуелсіздік, ел бірлігі, туған жер мен ана тілі сынды өзекті мәселелер төңірегінде өрбітті. Оқушылар тапқырлықтарымен, шешендік қабілеттерімен және сахна мәдениетімен ерекшеленді.
Сайыс соңында қазылар алқасы үздік қатысушыларды анықтап, жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, көрермендер мен қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Бұл шара оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, жас таланттардың шығармашылық біліктілігін дамытуға зор мүмкіндік берді.
Мұражай жетекшісі: Ташкен Маулет





