Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Жаңа оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарына сай жаңартылды:
• Негізгі түс – қара-көк.
• Ұлдарға: пиджак, жилет, шалбар, ақ көйлек.
• Қыздарға: пиджак, жилет, шалбар немесе тізеден төмен белдемше, ақ блузка.
• Спорттық форма – қара шалбар, ақ футболка, кроссовка.
• Мерекелік күндері – классикалық ақ көйлек пен қара-көк форма.
Форманы таңдау кезінде сапалы, табиғи маталарға басымдық беруді ұсынамыз.
Бірге стильді әрі ыңғайлы мектеп формасын қалыптастырайық!