Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

«Заң мен тәртіп»

🔹2026 жылғы 13 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің Психологиялық қолдау орталықтың және «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес және «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 8–11 сынып білім алушыларына құқықтық сауаттылықты арттыруға, зорлық-зомбылық пен топтық жанжалдардың алдын алуға бағытталған профилактикалық “Сенің шекараң -сенің қорғаның” тақырыбында тренинг өткізілді. Іс-шараға 295-ден астам білім алушы қатысты.
🔹Іс-шараны “Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия” ШЖҚ МКК әкімшілігінің ұйымдастыруымен, педагог-психолог Р Ж Сайлаубаеваның жүргізуімен, Сарыарқа АПБ ҚҚБ ЮПБ УПИ қатардағы Полиция Хамит Алтынай Қайратқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Амирханова Айнур Амангелдиевнаның қатысуымен бірлесе өткізілді.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі, құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері жан-жақты түсіндірілді.Психологиялық қолдау кабинеттерінің әр кезде көмек көрсете алатындығы жөнінде ақпараттар берілді.https://www.instagram.com/p/DUsddx-DcHQ/