Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

🏆 «ТОЛАҒАЙ» – ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ЖАРЫС!

🏆 «ТОЛАҒАЙ» – ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ЖАРЫС!

Бүгін мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылар арасында мектепішілік «Толағай» ұлттық спорттық жарысы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.
Жарыстың басты мақсаты – оқушыларды ұлттық спорт түрлеріне баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, ептілік пен шапшаңдықты, күш пен төзімділікті дамыту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру.
🥇 Жарыс барысында оқушылар өздерінің күшін, ептілігін, шапшаңдығын және командалық бірлігін көрсетіп, тартысты бәсекеде бақ сынады.
Ұлттық спорт – ұрпақ рухын шыңдап, елдік құндылықтарды дәріптейтін рухани мұра. Осындай жарыстар арқылы оқушылар бойына адалдық, жауапкершілік, достық, ұйымшылдық және жеңіске деген жігер қалыптасады.
Жарысқа белсене қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз! 👏
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! 🏆🇰🇿 АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #Толағай #ҰлттықСпорт #МектепішілікЖарыс #ҰлттықҚұндылық