Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

«MYRZHAQYP CUP — 2026»

«MYRZHAQYP CUP — 2026»,
«ДИРЕКТОР ЖӘНЕ МҰҒАЛІМ: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ» атты республикалық волейбол турнирі өтті. Бұл жарыста еліміздің әр өңірінен келген 24 команда бақ сынады. Атап айтар болсақ, Қостанай облысынан бір, Шығыс Қазақстан облысынан төрт, Ақмола облысынан он бір, Астана қаласынан сегіз команда сайысқа түсті.

Республикалық деңгейдегі шарамызға «Amanat» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Болысбек Мұхаммед Әбдіәшімұлы, Астана қаласы маслихат депутаты Смаилов Бауыржан Амангелдіұлы, Сарыарқа аудандық «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Тілес Талғат Оспанұлы, «Толағай» Ұлттық спорт федерациясының негізін қалаушы Темір Спатаев, «Бала Толағай» жобасының вице-президенті Шолпан Шаймардан және Қостанай облысы, Рудный қаласы білім бөлімінің басшысы Жайлыбаев Темірхан Бекбергенұлы қатысты.

Бұл волейбол турнирінің басты мақсаты: Директор мен мұғалім арасындағы әріптестік байланысты арттыру, бір мақсат, бір мүдде жолында қызмет етуге шақыру және Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлы есімін жаңғырту, жас ұрпақ бойына сіңіру. Республикалық білім беру мекемелері арасындағы қарым-қатынасты арттыру, шын мықты ойыншыны анықтау.

Жарыс таңғы сегізде басталып, түнгі сағат он бірде аяқталды. Нәтижесінде мыңнан мықты, жүзден жүйрік шыққан Астана қаласы №45 орта мектеп командасы 1-орын иеленсе, алыстан арнайы келген Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Абай Құнанбайұлы атындағы орта мектеп 2-орынды еншіледі. Өскемендік №26 орта мектеп 3-орынды қанағат тұтты.https://www.instagram.com/p/DUQHHKNjXXw/