Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

Мектебімізде "Хабар" телеарнасының түсірілім тобы арнайы қонақта болды.

    Мектебімізде жасанды интеллект бағытында қолданылып жүрген заманауи технологиялар мен тиімді тәжірибелерді таныстыру мақсатында Хабар телеарнасының түсірілім тобы арнайы қонақта болды.
    Түсірілім барысында ұстазымыз Рахметов Қамбар Сансызбайұлы оқу үдерісінде жасанды интеллектті тиімді пайдалану тәжірибесі, білім берудегі заманауи цифрлық мүмкіндіктер және мұғалім жұмысына енгізіліп жатқан инновациялық тәсілдер көрсетті.
    💡 Жасанды интеллект – білім сапасын арттыруға, ұстаз еңбегін жеңілдетуге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын заманауи құрал.
    Мектебіміздің ұстаздары білім берудегі жаңа технологияларды меңгеріп, кәсіби ізденіс пен шығармашылықты ұштастыра отырып, озық тәжірибелерін қалыптастырып келеді.

    📺 №68 мектеп-гимназиясы — білім мен инновация тоғысқан орта!

    #68МектепГимназия #ЖасандыИнтеллект #ЖИ #Хабар #цифрлықбілім

    https://www.instagram.com/68_gymnasium/?hl=ru