«Күн шуақ» мектеп жанындағы лагерьдегі қызықты күн ☀️
Бүгінгі күнімізді көтеріңкі көңіл-күймен таңғы жаттығудан бастадық. Одан кейін балалар түрлі эстафеталық ойындарға қатысып, ептіліктері мен ұйымшылдықтарын көрсетті. 🏃♂️🏃♀️
Күннің ең қызықты сәттерінің бірі – «Балаларға арналған аспан әлемі» атты планетарийді тамашалау болды. Балалар ғарыш құпияларымен танысып, жұлдыздар мен ғаламшарлар туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. 🌎✨🚀
Көңілді ойындар мен танымдық саяхатқа толы күн балаларға ерекше әсер сыйлады!
https://www.instagram.com/reel/DZXI7JvzIx3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==





