Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында «Міржақып мұрасы – ұлтқа аманат» атты 5–8 сынып оқушылары арасында Міржақып шығармаларын мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
https://www.instagram.com/p/DdrFRqEtc9v/?hl=ru
🎙️ Сайыстың басты мақсаты – қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының шығармашылық мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, оқушылардың әдеби шығармаларды мәнерлеп оқу шеберлігін жетілдіру, көркем сөзге деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
📖 Сайыс барысында оқушылар Міржақып Дулатұлының өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқып, ақынның елдік, ерлік, білім, өнер, ұлт болашағы туралы терең ойларын көрерменге жеткізді. Әр қатысушы шығарманың мазмұны мен идеясын түсініп, дауыс ырғағын, дикциясын, сахна мәдениетін шебер үйлестіруге тырысты.
👏 Сайысқа белсенді қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз!
🇰🇿 Міржақып мұрасы –ұлтқа аманат!
Ұйымдастырушы ұстаздар:
Аманкелді Шолпан
Аяғанова Назира #адалазамат #мектепөмірі #біртұтастәрбие





