Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

«Қазақ тілі мен әдебиет пәні» апталығы аясында мектеп мұғалімдеріне арналған «Поэзия — жүрек үні» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

«Қазақ тілі мен әдебиет пәні» апталығы аясында мектеп мұғалімдеріне арналған «Поэзия — жүрек үні» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Абай Құнанбайұлы:
«Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы» - деп өлеңге биік талап қояды.

Қазақ поэзиясы — ғасырлардан жеткен мол мұра, сарқылмас сөз қазынасы. Абай мен Шәкәрімнің ойлы сөзі, Мағжан мен Жұмекеннің сыршыл жыры, Махамбет пен Қасымның қайсар рухы, Мұқағали мен Фаризаның жүрек лүпілі т.б. сөзден сурет салған ақындарымыздың жырлары – қазақ сөз өнерінің байлығын әлемге паш етіп келеді.

«Поэзия — жүрек үні» мұғалімдер сайысында әр қатысушы өзі таңдаған кез келген қазақ ақынының өлеңін мәнеріне келтіріп, көркем түрде оқуы керек болған. Алайда, кейбір қатысушыларымыз өз жүрегінен бүр жарып шыққан сағынышқа, лирикаға толы өлеңдерін ортаға салды. Өлеңді жатқа оқу міндетті емес.
Негізгі бағалау критерийлері — сахналық өлең оқу шеберлігі, өлеңді түсініп сезіне оқуы, дауыс мәнері мен өзін-өзі ұстауы, өлең авторы жайлы қысқаша мәлімет білуі.

Нәтижесінде: 🏆Бас жүлдені ағылшын тілі пәні мұғалімі Орынбасарова Гүлнар Тұрғымбайқызы жеңіп алса;
🥇1-орынды тарих пәні мұғалімі Ордабек Арсен Ескендірұлы;
🥈2-орынды дене шынықтыру пәні мұғалімі Сағи Ғанибет пен ағылшын тілі пәні мұғалімі Билибаева Асем Тойшығұлқызы бөліссе;
🥉3-орынды бастауыш пәні мұғалімі Керімтаева Сымбат Қайратқызы мен орыс тілі пәні иұғалім Ризабекова Жаннұр Ризабекқызы еншіледі.

Поэзия – адамды ойландырады, толғандырады, кейде жұбатады, кейде жылатады, кейде жігерлендіріп иығыңа жүк артады.

Сайысқа қатысып, өнерлерін ортаға салған барша әріптестерімізге және көрермен әріптестерімізге алғыс айтамыз!

Поэзия жасасын! Қазақтың қасиетті сөзі өнері жасай берсін! #адалазамат #қазақтілі #біртұтастәрбиебағдарламасы