«Достық – біздің ортақ құндылығымыз»
Мектебімізде «Достық – біздің ортақ құндылығымыз» тақырыбында кезекті тізіліс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында 5–6 сынып оқушыларына оқу мен мектеп өміріндегі белсенділігі, жетістіктері үшін марапаттар табысталды. Оқушылардың еңбегі бағаланып, үздіктерге алғыс білдірілді.
Мұндай марапаттар – оқушыларды жаңа жетістіктерге ұмтылуға, жауапкершілік пен белсенділік танытуға ынталандырады.
Бірлігіміз бекем, достығымыз берік болсын!
Достық – татулықтың тірегі, бірліктің негізі!
#ДостықБіздіңОртақҚұндылығымыз
#БіртұтасТәрбие
#АдалАзамат





