Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

Атамекен этно лагерь

Атамекен этно лагерь
Тақырыбы: Табиғаттан шабыт
Күні: 05.06.2026 ж.
Бағыты: Экологиялық тәрбие, қоршаған ортаны тану, шығармашылық қабілеттерді дамыту.
Мақсаты:
Оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту, табиғатты бақылауға және аялауға тәрбиелеу, табиғи материалдарды пайдалану арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Пайдаланған материалдар:
• Жапырақтар;
• Гүлдер;
• Бұтақтар;
• Тастар;
• Шөптер;
• Картон;
• Желім;
• Қайшы.
Іс-шара барысы:
Оқушылар табиғат аясында серуенге шығып, айналадағы өсімдіктер мен табиғи нысандарды бақылап танысты. Серуен барысында әртүрлі жапырақтар, гүлдер, бұтақтар және басқа да табиғи материалдарды жинады. Кейін жиналған материалдарды пайдалана отырып, өз қиялдары бойынша табиғат көріністерін бейнелейтін коллаждар жасады. Жұмыс барысында балалар табиғаттың әсемдігін сезініп, қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың маңызын түсінді.
Нәтиже:
• Оқушылар қоршаған орта туралы білімдерін толықтырды;
• Табиғатты бақылау және зерттеу дағдылары қалыптасты;
• Табиғи материалдармен жұмыс жасау тәжірибесі артты;
• Шығармашылық ойлау және эстетикалық талғамдары дамыды;
• Табиғатты қорғауға деген жауапкершілік сезімі нығайды.
Қорытынды:
«Табиғаттан шабыт» тақырыбындағы іс-шара оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, қоршаған ортаны тануына мүмкіндік берді. Табиғи материалдардан коллаж жасау арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері дамып, табиғаттың сұлулығын бағалай білуге тәрбиеленді. Іс-шара экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатты аялау құндылықтарын дәріптеуге өз үлесін қосты.

https://www.instagram.com/p/DZM1I_qDYGC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==