Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

«AMANAT» партиясы мен Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен "DarynAI" компаниясының ұйымдастыруымен педагогтар арасында республикалық «EduAl: Педагогикалық хакатон» байқауы өтті.

«AMANAT» партиясы мен Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен "DarynAI" компаниясының ұйымдастыруымен педагогтар арасында республикалық «EduAl: Педагогикалық хакатон» байқауы өтті.
Ұстаздарға арналған жасанды интеллект (ЖИ) шешімдерін әзірлеуге бағытталған республикалық конкурсының бірінші кезеңі онлайн форматта өтіп, оған республика бойынша 3500-ге жуық педагог қатысып, жасанды интеллектті оқу процесіне ендіру бағытында арнайы жоба әзірледі. Олардың арасынан екінші кезеңге үздік 400 жобаның авторлары өтті.

Астана қаласында 4-5 маусым күндері өткен хакатонда сайысында мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімі әрі директордің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Рахметов Қамбар Сансызбайұлы топ жарып, Оңтүстік Корея Республикасында білім беру саласы бойынша халықаралық тағылымдамадан өту құқығына ие болды.

Әріптесімізді барша ұжымдастары атынан шын жүректен құттықтаймыз! Төменге жеңімпаз әріптесіміздің өз парақшасына салған қорытынды сөзін келтіре кетуді жөн санадық.

"Сосын айтарым, фото жасап оны қозғалтып, сөйлеткенге мәз болып жүре бермей ЖИді тереңірек зерттеңіздер. Қазіргі таңда өте актуалды VibeCoding, автоматизация деген сияқты бағыттарын меңгерген абзал"

https://www.instagram.com/p/DZXOV-qjZiC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==