Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

Ақпан айының 6-сы күні «Шабыт» жобасы аясында ұлттық ойындар – асық ойындары бойынша сайыс өткізілді.

Ақпан айының 6-сы күні «Шабыт» жобасы аясында ұлттық ойындар – асық ойындары бойынша сайыс өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының ұлттық мұрасын дәріптеу, асық ойыны арқылы оқушылардың ептілігін, шапшаңдығын, дәлдігін дамыту, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарға деген құрмет пен қызығушылықты арттыру болды.
Сайыс барысында қатысушылар асық ойындарының түрлері бойынша өзара бақ сынасты. Ойын ережелері түсіндіріліп, әділ қазылар алқасы тарапынан әділ бағаланды. Іс-шара қатысушылардың белсенділігін арттырып, олардың бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеуіне, салауатты өмір салтын ұстануына оң әсерін тигізді.
Асық ойыны арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеті, қол моторикасы және ұлттық ойындарға деген қызығушылығы артты. Сонымен қатар, бұл сайыс оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына, ұлттық дәстүрді жаңғыртуға және рухани тәрбие беруге үлкен үлес қосты.
Аталған іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер сыйлады. Сайыс соңында белсенді қатысушылар марапатталып, ұлттық ойындардың маңыздылығы тағы да насихатталды.

https://www.instagram.com/p/DUiZd-zDZAQ/?img_index=3

 

Жоба жетекшісі: Ташкен Маулет