Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс
Featured

23 желтоқсан күні* «Болашаққа бағдар»* тақырыбында ашық әңгіме форматындағы кофе-брейк өтті.

“Сенім. Қолдау. Болашақ.” апталық аясында педагог-психолог Райгул Женисовна мен кәсіби бағдар беру маманы Сымбат Есенгелдіқызының ұйымдастыруымен мектеп-гимназия директоры Лаура Сарсембекқызының қатысуымен 23 желтоқсан күні* «Болашаққа бағдар»* тақырыбында ашық әңгіме форматындағы кофе-брейк өтті.
Кездесу барысында оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауы, тұлғалық дамуы, кәсіби қызығушылықтары мен психологиялық қолдау мәселелері еркін форматта талқыланды. Жылы әрі бейресми атмосфера қатысушыларға өз ойларын ашық айтуға, маңызды сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді. Іс-шара оқушыларға мотивация беріп, өмірлік мақсаттарын айқындауға, ал мамандар үшін тәжірибе алмасуға және өзара байланыс орнатуға үлкен серпін болды.68_gymnasium