Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама тарату - зиянсыз бұзақылық емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын қауіпті қылмыс. ҚР ҚК 273 БАБЫ
07.02.2025 жылы мектепте бракераждық комиссияның тексерісі өткізілді. Тексеріс барысында асханадағы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, тамақтың сапасы және мәзірдің бекітілген талаптарға сәйкестігі қаралды. Тексеру нәтижелері бойынша белгілі бір кемшіліктер анықталды және оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылданды.
«Бастау» қоғамдастығы 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары негізінде «Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия» мектеп мұғалімдерін үйлестіруші педагог-психолог Р Сайлаубаева сабақты зерттеу бағыттары бойынша ынтымақтасқан кәсіби құзырет-оқу мен оқытудың тиімділігін қалай арттыру мақсатында серіктес мектептердегі білім сапасын үздік көрсеткіштерге теңестіру жолдарын талдап,жұмыс ережелерімен таныстырып жұмыс тобының отырысын өткізді.Қауымдастық арқылы ой бөлісу, тәжірие алмасу, білім мен біліктілікті дамыту басты назарда болды.
Бастауыш сыныптарға заң саласының өкілдері, 4 "А" сынып ата-анасы Салихов Әсет Қуаныштайұлы оқушылармен адам өмірінің қауіпсіздігі жөнінде тұсіндірме сабақ өткізді.
ҚР Оқу-ағарту министрінің
2024 жылғы 2 сәуірдегі
№ 72 бұйрығына
№ 2 қосымша
Мектебімізде мектепішілі бақылау бойынша “педагог-модератор” санатына өтініш берген мұғалімдердің сабақтарын өткізу деңгейін бақылау жұмыстары жүргізілуде